1.Хеееей! Ойлы кейпін қарашы жазғы орманның, Тап осылай тебірентер наз қонған күн. Дауыл күнгі теңіздей толқып-толқып, Білдің сәулем бір толқу аз болғаны. Ән жеткізер шақырсаң келмесіңе , Сендіреді мың ойлап сенбесіңе. Алтын құмда алаңсыз аунап жүрсем, Іңкәр қызы Ақ құмның келбесіңе. Алтын құмда алаңсыз аунап жүрсем, Іңкәр қызы Ақ құмның келбесіңе. Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай, Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай. 2.Хеееееехей! Толқып жатқан толқындар баяғыдан, Аумай кетем ақ бөбен саяғынан. Алаң болған сияқты ала толқын, Ала бұлттың иіскейді-ау тамағынан. Соның бәрін көргенде бір үндетіп , Ән оралды-ау денемді дірілдетіп. Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған , Күні бойы шатырды дүрілдетіп. Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған, Күні бойы шатырды дүрілдетіп. Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай, Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай. Мен де жаудым жаңбырдай таңдатылған, Күні бойы шатырды дүрілдетіп. Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай, Игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй,игигәй-гиккәй-ай...