Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

кешyou - салем саган туган ел 2012 | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін,
Сырда сұлу – күрішім,
Қырда бидай – ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!

Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!

Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!


Другие названия этого текста
  • кешyou - салем саган туган ел 2012 (0)
  • Мэри и Жансауле - Салем саган туган ел (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Салем саған туған ел- КешYou Салем саған туған ел- КешYou
    Published on Aug 20, 2012. Қазақстан Республикасының президенті-елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өтетін 30-шы жазғы ...
  • КешYou тобы-салем саган туган жер КешYou тобы-салем саган туган жер
    КешYou тобы-салем саган туган жер ... КешYOU & Жігіттер тобы - Сәлем саған туған ел (official video 2012 ...