Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау, әдемі қыз-ай, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз-ай. Бірге өскен кішкентайдан құрбы мa едің-ей, Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз-ай. Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жанымсың. Ақ көйлек, қара камзол белін буған-ей, Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған-ай. Мен сізге ғашықтықтан-ау сөз айтамын-ей, Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан-ай.