Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Күй - Сагыныш | Текст песни

Кешір ана, балаң сенің өзгерді,
Ғашық еді, басқасын ол көрмеді.
Уайымдама, бәрі жақсы анашым...
Алайда, сезім суып, менен алыс беттеді

Сол жылдары ренжіттімғой көп сені,
Балаң сенің ғашықтықтан өртенді.
Байқамаппын жан анашым күйігіңді
Үйге қонбай мас болдым, кешір мені.

Қазір міне өтті бəрі, ес білгелі өкінем
Қосылмай кетті құлының өз теңімен.
Бақытты етем өзіңді мен анашым
Сəл-ақ шыда, шалқытамын əкешімді сенімен.

Келін десең, олда болад анашым,
Тек бар айтар, ішімдегі бар шыным.
Теңім сол, сеземін,əкелемін сол қызды
Керегі не басқасының деп жүрегім айтқасын...

Сағынбас деп ойлама, көп ойлаймын өзіңді,
Жоғалар деме, жоғалтқым келмейд көзіңді,
Тағы уайым, үміт шексіз шіркін мына мендегі
Ертіп жүрсем, болсам бірге өткізіп бұл өмірді...

Мені сендей ешкім танымаған, танымайды,
Түсінбеген, сүймеген, бұл да болмайды,
Білмесеңде сездіңғой, неге бұлай?
Күйінем, бəрі қайта оралмайды...

Махаббатым кеттіғой мұң қайғырып,
Шақыршы? Келермекен сол қайрылып,
Əттең шіркін жүрегіне жүк артып
Жібердіңғой бақытынан сен тайдырып.

Ойлаймын, кінə сенде емес мына менде,
Жүрушедік қол ұстасып күнде бірге,
Сүйе білген адамның арманы осы
Сен арманнан қателестің, бірақ неге???

Көп қайғырмайм, қам жеме осы күнде,
Ащы түндер өткізгенмін айлы түнде,
Естіп қойам сен туралы ауыздардан
Күрсінемде, жарайд деймін, ішпеймінде...

Білесіңбе? Аласың сен есіңе мына мені,
Сол сəтте жалт етіп келе қалса қара енді,
Мен сүйдім, сендей теңім ойымда табылмады
Недеймін, ғашығыма арнауларым бітпес еді...

Шын сүйіңдер, күресіңдер сезім үшін,
Жүрекке айт айтып отсын жинап күшін,
Бір жақ бірақ бағаламай салғырттанса
Түк шықпайды, күрсінбе, жəй ғана мені түсін...

Түсін мені, тани түскін жақынырақ,
Тыңдағанмын жүректі өзімнен артығырақ,
Бірақта сүйген жаным жырақ кетіп
Ойлап қалды қадамым деп батылырақ.

Қадам емес олдағын ақымақтық,
Бұрылып бірімізден кетіп қалдық,
Сен емей менмінбе кінəлі осы жерде?
Орнаттың қамалыңды қарамастық.

Қарамасын, кішірмесін, кете берсін,
Бұл фəниден алаңсыз өте көрсін.
Деп менімен сырлас болған Мұқағали
Ғашығына жазыпты күйініп бір кеткесін...

Айта берсем жазылар жырлар жылап,
Мендегі сезім шіркін терең жырақ.
Жақпадымда кеудемдегі ыстық отты
Ең болмаса сол сезімнің күйін ойлап.

Саған айтар сөзім менің көп еді, көпқой əлі,
Сондада тоқталайын, сөйлемейін енді гəрі,
Тағдырыңның мың сынағын мін көрмей
Келсең етті біреудің сендағы болмай бағы...

K,E,A,

Күй еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1