Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Күләш Ұлаубайева - Ақ көгершін | Текст песни

Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Тыныш-бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлем ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Қанатыңда жазылған
Жалғыз ауыз ұран бар.
Не құдірет құралдан
Ең күштісі сол құрал.
«Бейбітшілік» делінген.
Белгіні оқыр әр адам.
Бақыт құсы келді дер
Қанатыңа қараған.

Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Күләш Ұлаубайева еще тексты


Другие названия этого текста
  • Райян - Ақ көгершін (1)
  • Күләш Ұлаубайева - Ақ көгершін (0)
  • Алия Абдрахман - Ақ көгершін (0)
  • НаЙкА - Ақ көгершін (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-