Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Әкім Ысқақ - Бір кем дүние (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) | Текст песни

Иә, қойылар өмір сұрағы көп, ал берілген өмір аз.

Бірі кем дүние

Өмірдің қарама-қайшылығы ойыңды сан-саққа жүгіртеді.
Бір адам дүниеден өтсе, бір сәби шырылдап дүниеге келіп жатады.
Біреу бала туып тастап қашса, енді біреу сол бір балаға жете алмай, өмір бойы зәру болып келеді.
Біреу ашық күнде адасып жүреді.
Біреу қараңғы түннен жол таба біледі.
Кейде жаныңдағы жақының алыстап кетеді.
Алыстағы бір жан жақының болып жетеді.
Бір қария жүзден асса да өмірді қимай, көзі жасқа толып барып дүниеден өтті. Ал бір жас өзіне өзі ине қадап, нашақорлықтан уланып, қыршын кетті.
Біреулердің өмір сүріп жүргені біреулердің бар азабы, қайғысы секілді.
Біреу өзге бір жан үшін қиналып, азап шегеді, біреу туған әкесінің өлімінебармайды.
Біреу өзге бір жан үшін жанын қияды, енді біреу туған анасын немесе әкесін қартайған кезінде көзін мөлдіретіп, жүрегін елжіретіп қарттар үйіне табыс етеді.
Біреуде бар, біреуде жоқ, бірі кем дүние осылай өтеді.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-