Неге? Неге?Қояр сауал көп, бірақ соған жауап табу қиынның қиыны. Иә, «неге? неге?» деп басталатын сұрақтар әр күнде, әрбір сағатта, әрбір сәтте кездеседі. Пенде ретінде бәріне де жауап іздейсің. Иә, ойлайтын ойлар көп, нәтиже аз. Өйткені екі жүзділік көп, өзгермейтіндер аз. Өйткені ұнататындар көп, шын махаббат аз. Бақыт туралы ойлайтындар көп, бірақ өз бақыты үшін күресетіндер аз. «Өмір бір-ақ рет беріледі» дейтіндер көп, бірақ оған жете мән беретіндер аз. Өйткені дұшпаның сыртта емес, жанында екендігін кеш білетіндер көп... Өйткені басыңа қара түнек орнағанда ғана адамды шын танисың. Иә, қойылар өмір сұрағы көп, ал берілген өмір аз.