Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Қамар сүресі - сура №54 – Аль-Камар (Месяц) | Текст песни

Қиямет жақындады, ай жарылды. (1)
Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді. (2)
Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар. (3)
Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды. (4)
Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады. (6)
Олар, қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады. (7)
Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бұл ауыр күн” дейді. (8)
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: “Жынды” деген, әрі жәбірленген еді. (9)
Сонда ол, Раббына: “Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер” деп, жалбарынған. (10)
Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық. (11)
Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды. (12)
Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық. (13)
Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты. (14)
Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма? (15)
Азабым, ескертуім қалай екен? (16)
Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма? (17)
Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен? (18)
Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік. (19)
Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді. (20)
Азабым, ескертуім қалай екен? (21)
Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма? (22)
Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды: (23)
“Өзімізден бір адамға ерейік пе? Әрине ол уақытта біз адасуда, әрі есі алаң боламыз” деді. (24)
“Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл” деді. (25)
Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі. (26)
Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (27)
Оларға: “Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын” деп түсіндір. (28)
Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді. (29)
Сонда азабым, ескертуім қалай екен? (30)
Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те, олар шарбақ қораның ұматылган қу жапырағындай болды. (31)
Шүбәсіз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма? (32)
Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған. (33)
Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (34)
Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз. (35)
Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады. (36)
Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: “Ал азабымды, ескертуімді татыңдар.” (37)

Коран еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2