Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Қасас сүресі - сура №28 Аль-Касас (Повествование) | Текст песни

Та Син Мим. (1)
Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары. (2)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз. (3)
Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді. (4)
Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз. (5)
Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық. (6)
Мұсаның анасына: “Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық. (7)
Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті. (8)
Перғауынның әйелі: “Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз” деді. Өйткені олар, сезбеді. (9)
Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады. (10)
Анасы, Мұсаның әпкесіне: “Оның соңына түс” деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді. (11)
Бұрын емізушілерді оған арам еттік. Сонда оның әпкесі, Оларға: “Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?”,-деді. (12)
Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді. (13)
(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз. (14)
(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жұмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): “Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан” деді. (15)
“Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!”,- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (16)
“Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін” деді. (17)
Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. Мұса (Ғ.С.) оған: “Сен анық адасқан екенсің” деді. (18)
Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: “Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?”,- деді. (19)
Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: “Әй Мұса! Бастықтар сен

Коран еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2