Аллаху ля иляха илля хВаль-хайуль-каййyум. Ляа та´хузуху синатyн Валяа наум Ляху маа фиссамаауяати Ва маа филь ардз. Ман заллазии яшфау ´индаху илля-а би-изних Йа´лямy маа байна айдийхим Вамаа хальфахум Валяйyхийтууна бишяй им мин ´ильмихии илляа би маа шааааа. Васи´я кyрсиййyху-с-самааВаати Валь ард Валяя удухуу хифзухумяа Ва хВаль´алиййyльазийм
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
"(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды). (2:30)
Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. (2:31)
Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді. (2:32)
(Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді. (2:33)
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды. (2:34)
Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. (2:35)
сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір-біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жержүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік. (2:36)
Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді. (2:37)
«Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік. (2:38)
Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып, олар мәңгі қалады. (2:39)"