Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Мужәдәлә сүресі - сура №58 – Аль-Муджадила (Препирающаяся) | Текст песни

(Мұхаммед Ғ.С.) Расында Алла, ері жайында Аллаға шағып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді. Шүбәсіз Алла, толық естуші, тым қырағы. (1)
Сондай сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі өтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы. (2)
Сондай жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс. Міне сендерге осы нұсқау беріледі. Алла не істегендеріңді толық біледі. (3)
Сонда біреу құл таба алмаса, екеуі қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза үстасын. Біреудің оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаға, Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осы Алланың шектері, қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар. (4)
Расында Аллаға, Елшісіне қасарысқандар, олар да бұрынғылар қорлағандай қорланады. Әлбетте ашық аяттарды түсірдік. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар. (5)
Сол күні, Алла, оларды тұтас тірілтеді де өздеріне не істегендерін түсіндіреді. Алла, оны түгендеп сақтады. Оны өздері ұмытты. Алла, әр нәрсені көріп тұрады. (6)
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (7)
Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралғандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дұшпандық және Пайғамбарға қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. (Есендік тілемей өлім тілейді.) Сондай-ақ өздерінше: “Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды” дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын. (8)
Әй мүміндер! Егер сыбырлассаңдар; күнә, дұшпандық және Пайғамбар (Ғ.С.) ға қарсылық жайында сыбырласпаңдар. Жақсылық, тақуалықта сыбырласыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар. Өйткені Ол тарапқа жиналасыңдар. (9)
Шын мәнінде құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін шайтан ісі. Алла қаламайынша ешбір зиян келтірмейді. Сондықтан мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (10)
Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: “Орын беріңдер” делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: “Тарқаңдар” делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т.) сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі. (11)
Әй иман келтіргендер! Пайғамбар (Ғ.С.) мен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін хайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла (Т.) тым жарылқа

Коран еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2