Му’мин (Ғафир) сүресі - сура №40 Гафир (Прощающий)
Ха Мим. (1) Кітаптың түсірілуі, өте үстем, аса білуші Алла тарапынан. (2) Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ. (3) Алланың аяттары турасында қарсы болғандар ғана тартысады. (Мұхаммед Ғ.С.) сені, олардың мемлекеттерде кезіп жүрулері алдамасын. (4) Олардан бұрында Нұх (Ғ.С.) тың елі әрі одан кейінгі топтар да жасынға шығарған болатын. Әр үммет өз елшілерін қолға алуға бел байлады. Сондай-ақ ақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен? (5) Осылайша қарсы болушыларға байланысты Раббыңның сөзі шындыққа айналды. Сөз жоқ, олар тозақтық. (6) Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: “Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”,- (деп тілейді). (7) “Раббымыз! Оларды әрі аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, оларды өзің уәде еткен Ғадын жаннаттарына кіргізе көр. Күдіксіз Сен өзің тым үстем, аса данасың…” (8) “Оларды жамандықтардан қорға. Ол күні кімді жамандықтан қорғасаң, сөз жоқ, оны мәрхаметіңе бөлеген боласың. Міне сол, зор қолы жеткендік.” (9) Расында сондай қарсы болғандарға (қиямет күні): “Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені, сендер иманға шақырылған кезде, қарсы болдыңдар” деп дабысталады. (10) Олар: “Раббымыз! Бізді екі рет тірілтіп екі рет өлтірдің. Енді күнәларымызға мойындадық. Ал енді бізге шығар жол бар ма?”,-дейді. (11) Оларға: “Бір ғана Аллаға шақырылғанда қарсы шықтыңдар да ал Оған ортақ қосылса, сенетін едіңдер. Ал енді үкім өте жоғары, аса ұлы Аллаға тән” (делінеді). (12) Ол сондай Алла, сендерге дәлелдерін көрсетті. Тағы сендерге көктен несібе түсірді. Бірақ бой ұсынған кісі ғана үгіт алады. (13) Егер қарсы болғандар, жек көрсе де дінді өзіне ғана арнап, нағыз Аллаға жалбарыңдар. (14) Ол, дәрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, өз бұйрығымен уахи түсіреді. (15) Ол күні; олар, көрнеуге шығарылады. Олардан ешбір нәрсе Аллаға жасырын болмайды. “Бүгін патшалық кімдікі? Тек қана жалғыз, тым өктем Алланікі” (делінеді). (16) Бүгін әркім істегені бойынша жазаланады. Бүгін зұлымдық болмайды. Күдіксіз Алла (Т.) тез есеп көруші. (17) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға жақындаған қиямет күнін ескерт. Сол уақытта, жүректер жұтқыншаққа келіп, қылғынып, лоқсушылар болады. Залымдар үшін бір дос та ықбалды болушы да болмайды. (18) Алла көздердің қиянатын және кө