Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Нәмл сүресі - сура №27 Ан-Намль (Муравьи) | Текст песни

Та Син. Бұл ап-ашық Кітап, Құранның аяттары. (1)
Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш. (2)
Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ақыретке нақ сенеді. (3)
Рас ақыретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді. (4)
Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ақыретте де өздері зиянда болады. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың. (6)
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: “Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін” деді. (7)
Ол, сол араға келген сәтте: “Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк” деп дабысталды. (8)
“Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.” (9)
“Таяғынды таста!” Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бұрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. “Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды.” (10)
“Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандықтан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.” (11)
“Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел.” (12)
Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: “Бұл ашық жады” деді. (13)
Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр! (14)
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: “Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық” деді. (15)
Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: “Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық.” (16)
Сүлеймен (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді. (17)
(Ол, бұлармен) ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: “Әй құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін” деді. (18)
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырсқаның сөзінен жылмыйып күлді де: “Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!”,- деді. (19)
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: “Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?”,- деді. (20)
“Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін.” (21)
Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: “Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім.” деді. (22)
“Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр

Коран еще тексты


Другие названия этого текста
  • Коран - Нәмл сүресі - сура №27 Ан-Намль (Муравьи) (0)
  • Құран 27 - Нәмл сүресі (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1