Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Тур сүресі - сура №52 – Ат-Тур (Гора) | Текст песни

Тұр тауына, (1)
Жазулы Кітапқа, (2)
Теріге жазулыға, (3)
Толықсыған үйге, (4)
Көтерілген төбеге, (5)
Және ыстық теңізге серт! (6)
Сөзсіз Раббыңның азабы болады. (7)
Оны тойтарушы жоқ. (8)
Ол күні аспан қатты теңселеді. (9)
Таулар ұшып жүреді. (10)
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш! (11)
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар. (12)
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады. (13)
“Міне! Сендер өтірік деген тозақ!” (14)
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме? (15)
“Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар! (16)
Әрине тақуалар жұмақтарда ырысқа бөленеді. (17)
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған. (18)
“Істеген амалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын.” (19)
“Тізілген дивандарға сүйенген түрде” (делінеді). Оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз. (20)
Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың амалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (21)
Оларға пейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз. (22)
Олар пейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (23)
Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді. (24)
Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады: (25)
“Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік” деседі. (26)
“Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады.” (27)
“Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді” (деседі). (28)
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да, жынды да емессің. (29)
Немесе олар сені: “Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз” дейді. (30)
Оларға: “Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін” де. (31)
Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме? (32)
Я, болмаса олар: “Кұранды өзі жасап алды” дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді. (33)
Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (34)
Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме? (35)
Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды. (36)
Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме? (37)
Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші! (38)
Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме? (39)
(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма? (40)
Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма? (41)
Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі. (42)
Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Ал

Коран еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1