Мағынасы: Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Хай (әрқашан бар һәм тірі) Һәм Қайюм (барлық жаратылысты басқарушы). Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соған тән. Оның құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол жаратқан болмыстарының алды мен артының бәрін түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімінен еш нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді қамтиды. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Ол – аса ұлы һәм өте жоғары. (Бақара/255)