Қасымдағы достарым, Аман болсын бастарың. Сендерге өлең арнауды, Осы сәттен бастадым. *** Қиналғанда көмек берген аянбай, Шақырғанда жетіп келер таянбай. Қалжыңдасып ойнағанда, ерігіп, Ренжіместен, ойнай білген, баяндай. Аман болсын достарым, бауырларым, Дәл қазірден бірге жүрген, алаңдай. *** Сыр бөліссең жасыратын басқадан, Жан сырыңды түсінетін, барма сірә басқа адам. Әзілдесең өтпесе де күлетін, Сені толық басқалардан білетін. Әрбір сөзден қате іздеп табатын, Өз сөзіңді қарсы етіп алатын. Көңіл күйің болмаса егер басқаға, Қалжыңдасып,бір мыжғылап алатын. *** Қиын сәтті кешірмедім басымнан, Арқасы ғой достарымнын,табылатын қасымнан. Қиналмадым, қиындық та көрмедім, Жолдастарым ақкөңілғой себебі. *** Достарыммен бірге шықтым талай түнектен, Қастарында бірге болдым талай күн өткен. Бар күшімді аямаймын, таусылғанша білектен. Осы әнді арнадым, мен сендерге жүректен.