Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кудайберген Кайрат - Ауылым Талапты | Текст песни

Топырағыңнан айналдым туған далам
Сенде оқып сенде өскен ақын балаң
Саған арнап бір өлең жаза алмасам
Ақынмын деп халқыма қалай айтам

Шүметтен ағып тұрған сарқырамаң
Көрші ауылдың адамдарын қызықтырған
Саған келіп көкке шығар жер іздейді
Өз жерінен ондай жер табалмаған

Күркіреп күркіреуден басталатын
Ауылым Талапты деп жар саламын
Балалық шағым менің сенде өтті
Сенде өткен сол кезді сағынамын

Көксуым талайының шөлін басқан
Өзен жоқ бір мен үшін сенен асқан
Аралыңды талай мәрте араладым
Тамашалап көркіне тоя алмастан

Құласамда жері жұмсақ жылатпаған
Сенде өткен әрбір күнім қымбат маған
Көксуымның жағасында талай мәрте
Табиғатыңа үнсіздікпен сыр ақтарғам

Таныймын үлкен-кіші кәрісінде
Сәлем айтам ауылдағы бар кісіге
Достарымнан шет жағасын естіп қалдым
Ауылым күннен күнге көркейуде
Бақыт қонсын ауылымның әр үйіне
Кудайберген Кайрат

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-