Nakee [vk.com/nakee_dejavu]
1.Түсінбейді бүгін мені жан баласы
Түнектен жарық көрмей жүрмін әлі мен адасып
Санасып әркіммен сені ұмыт қылған сәт
Себебі бұл, бұл махаббат!
Данышпан сөзді бастар сезімге толымды
Мен жаққа бас бұрмадың қадамың болымды
Қайтарар қолымды қылығың болмады жат
Себебі бұл, бұл махаббат!
Сағыныш тесуде жүректің бір бөлігін
Сенім артылмау себептен көрдім сезімнің өлімін
Шақтарым мұңды болып жүректе жарақат
Себебі бұл, бұл махаббат!
Уақыт емдейді дейді оғанда келіспеймін
Сауығар кезім келді әліде сені іздеймін
Сірә мен тосудамын сабырмен ғаламат
Себебі бұл, бұл махаббат!
Adilkhan [vk.com/id189533669]
Не деген өзі махаббат?
Сүй, күй, жыла, әлі таң атады
Сағыныш қызғаныш жүректі баула
Мен күткен қуанышты сәтім алда
Nakee [vk.com/nakee_dejavu]
Айтамын әлбетте ішімді тесіп барады
Тек дара дәруменсің жазатын бұл жараны
Ал қазыр сабырлымын жүрмін тек оймен аралап
Себебі бұл, бұл махаббат!
Сансыз ой мазалайды оңаша қалған сәтте
Арманым орындалмас қайтара алмайсың әттең
Сен түгел бұл ойымды түсінбес адамзат
Себебі бұл, бұл махаббат!
Түсінбедім расында бұл қандай арман еді
Сезім тұрақталғанда шыңына барар едім
Көрермін бір кез сенде жүресің жаспен қаталап
Себебі бұл, бұл махаббат!
Өзіңе кінә артпай жүргеніңе таң қалмай
Өсерсің сенде бір күн жүргенім сол армандай
Сөзімнің жаны бар сезім осылай аталады
Себебі бұл, бұл махаббат!
Сабыр, жүрек, иман, түнек, сенім, шапағат
Себебі бұл, бұл махаббат!
Adilkhan [vk.com/id189533669]
Не деген өзі махаббат?
Сүй, күй, жыла, әлі таң атады
Сағыныш қызғаныш жүректі баула
Мен күткен қуанышты сәтім алда
http://vk.com/durysrap
Кука еще тексты
Перевод Translate.vc
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1