Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кулайым Каирбаева - Қазағым (Torebekova Aidana) | Текст песни

http://lyricstranslate.com/ru/k%C3%BCl%C3%A4yim-qay%C4%B1rbaeva-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC-lyrics.html#ixzz43XEEGXD7

Қайран қазағым, қилы заман көргенсің,
Қатал тағдырға талай ғасыр көнгенсің.
Қайсар қазағым, соның бәрін жеңгенсің –
Сен қаһармансың!
Асыл ардағым, текті жұртым қазағым,
Тарих толғайды ауыр күндер азабын.
Көрді ұрпағың азаттықтың ғажабын.
Сен тәуелсізсің!
Күндей жарықсың, айдай алыпсың,
Асқақ арман қол созған ғарышқа.
Асыл қазағым, ұлы халықсың,
Кеудем толған жігер мен намысқа.

Байлық туған менің кең байтақ жерім
Жаны жомарт-дағы кеңпейіл елім о-о-о
Шаңырағымда әрдайым шалқысын шаттық
Бесігімді мәңгі тербесін бақыт о-о-о

Текті қазағым, жайқалған ормансың.
Берік қамалың алынбайтын қорғансың.
Талай халыққа қамқор пана болғансың –
Сен айбат елсің!
Мәртсің, жомартсың. Тәуелсіздік – тірегің.
Барша ғаламға бейбіт өмір тіледің.
Аппақ пейілің, мейірімді жүрегің –
Сен байрақты елсің!
Күндей жарықсың, айдай алыпсың,
Асқақ арман қол созған ғарышқа.
Асыл қазағым, ұлы халықсың,
Кеудем толған жігер мен намысқа.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-