Сапар шексем алсықа Сен жанымнан қалмайсың Қиындықта қалыспай Қиялымды жалғайсың Мол бақыттың жайын да Сырласумен айта алдық Қарағай мен қайыңдай Қатар тұрып жайқалдық
Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем Кір шалмаған арымсың Сезімдегі жалынсың Басымдағы бағымсың Домбыраның үні - сен Жүрегімнің жыры - сен Жанарымның нұры - сен
Күндіз күлген күнімсің Түнде туған айымсың Жайнап тұрған гүлімсің Ойға шомған қайыңсың Домбыраға тағылған Егіз шектей жұптастық Үміт алда жағылған Келешекке нық бастық
Қайырмасы: Сәулем, сәулем, сәулем Кір шалмаған арымсың Сезімдегі жалынсың Басымдағы бағымсың Домбыраның үні - сен Жүрегімнің жыры - сен Жанарымның нұры - сен
Көзің сенің мөлдір көл Тымық күйде жолықтым Шарасынан сол бір көл Төгілер деп қорықтым Жаз орнатқан жаныма Сәулем - сұлу сезімсің Жарық күнді силаған Жанарым да өзіңсің