Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Көше әні - Алтыным | Текст песни

Қаракөзім, ең алғашқы сүйген қызым,
Көктемі, қысы менен жазы, күзім.
Ауылда жаз мезгілін қалай күтсем
Сонда келер көптен күткен аққу құсым.
Қалар ма махаббатым, қаламқасым,
Қалайша мені есіңнен шығарасың?
Әлпештеп, аялаған күндерімді
Қалайша сен, жаным, ұмытпақсың?

Алтыным менің, кете бардың,
Амалым жоқ, қала бердім.
Жүрегім өз кеудеме сыймайды-ай,
Сол да менің жас жанымды қинайды-ай.
Арманым менің!

Күте-күте шаршадым хаттарыңды.
Сағынышым жыр болып ақтарылды.
Мен-ақ болғай жалғыз сені сағынатын.
Ойлап тұрсам сол бір кешкі шақтарымды...
Мәңгілікке бақытсыз еттің мені.
Сол жылы алма ағаштар гүлдеп еді.
Сол жылы көрші ауылдың баласына
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені.

Алтыным менің, кете бардың,
Амалым жоқ, қала бердім.
Жүрегім өз кеудеме сыймайды-ай,
Сол да менің жас жанымды қинайды-ай.
Арманым менің!


Көше әні еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2