Ақ сезім алауы, жанымның сен қалауы. Сезілді сен жақтан сағыныштың самалы.
Қайырмасы: Аққу болып айдыныңда назың боп күтем, Аймалатып күн нұрына жазың боп күтем, Қуанышым, өміріңде бағың боп өтем, Махаббатым мәңгілік, сағынып күтем.
Жаз болып нұр жүзің, сағым болдың бір өзің, Көңілден тек саған оянды сол бір сезім Сағыныш елесің, айтшы қашан келесің? Күтемін алыстан ғашықтардың кемесін.