Жан таппай айтар сыр ақтарып, Жалғанда жалғыз сияқтанып Жүргенде сен кездестің, жаным Жүрегіммен таңдаулы Көзіңнен бақыт күн көрініп, Жүзіңнен шаттық нұр төгіліп Кетемін сені көрсем, жаным Шаттығыма шомылып
қ-сы: Білші, жаным, сенсіз бәрі жалған Күлші, жаным, күлші асыл арман Тыңдап көрші жүрек қағысын Біздің махаббат үшін
Бақыттан бұл күн бас айналған Байқамай өтем, дос, қасыңнан Мені бір кешірерсің, құрбым – Біреуді көп ойланам. Махаббат әнін сала бердім Таңыма бақыт ала келдің Келеді сені көре бергім Сені жаным тек бұл күн