Өмірде,бір-ақ жанды сүю керек,
Сол жанға,қырдың гүлін,жыю керек.
Сол жанға,өміріңді арнау керек,
Сол жанға,өміріңді,қию керек.
Жүректі жараланса,емдеу керек,
Сезімдер оңайлықпен сөнбеу керек.
Сүйем деп айта салу,тілге жеңіл,
Сондықтан,оңайлықпен сенбеу керек.
Сезімің,жүрегіңді билеу керек,
Арыңа ақ ұлпадый,тимеу керек.
Сүйген жан,өліп-өшіп сүйсе-дағы,
Ешқашан ерініңнен,сүймеу керек.
Сүйген жан,барлығына көну керек,
Күмәнсіз саған мәңгі,сену керек.
Сезімін арнай бермей,кез-келгенге,
Жүрегін саған ғана беру керек.
Шын сүйсе,сезімдерін жалғау керек,
Сүйгенін әрқашан да,қолдау керек.
Мәңгілік махаббатын,шын сүйсе егер,
Отанын қорғағандай,қорғау керек.
Өмірден өз жартысын,іздеу керек,
Үмітін ешуақытта үзбеу керек.
Өмірден өз бақытын тапса егер,
Өзгені көзбен атып,сүзбеу керек.
Шын сүю,бұл өмірде тоқталмасын,
Сүйем деп айту керек,оқталғасын.
Өмірде ғашықтардың арасына,
Ешқашан,еш бір пенде,от салмасын.
Жүректе сезім дейтін,оттар басым,
Өмірде сүйген жаның,көп болмасын.
Бәрін айт та,бірін айт,сүйген жандар,
Көзіне бір-бірінің,шөп салмасын.
Шын сүю-ешуақытта азап емес,
Алдамшы сезім деген,ғажап емес.
Біреуді сүйемін деп,алдай көрме,
Себебі,сезім саған мазақ емес.
любимому на новый год минус еще тексты
Другие названия этого текста
- mc{&} - ШЫНАЙЫ СҮЮ (0)
- любимому на новый год минус - минусовка под реп (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2