Сүйеді екем, сүйеді екем сені мен ,
Артық көріп көктеменің лебінен.
Сен туралы жырлайды екен құс біткен,
Махаббатты алып ұшып көгімен.
Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның,
Ұқсамайды жүрсіне басқаның.
Сенің жайлап үн шығармай күлгенің ,
Ұқсамайды күлксне басқаның.
Сенің көзің қарада емес, көк те емес,
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес.
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде,
Сенсіз жерде қызыл гүл де көктемес.
Сен озыңсың , сен сезімсің мендегі,
Күмбірлетіп жіберетін кеудені.
Домбыраның құлақ күйін келтіріп,
Шерітпегенің , тартпағаның жөн бе еді.
Көп жұрыппыз , жетер жолда аз қапты,
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты.
Үнсыз ғана қоштасып ек екеуміз,
Үнсыз қайта табсыуға жазбапты.
Мұқағали Мақатаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4