Әкесi: Әкеңдi тыңдамай,
Не қылған баласың.
Кетем деп қалаға,
Мазамды аласың.
Баласы: Қалада қаңғырып,
Далада қаласың.
Деп әке нелiктен,
Бетiмнен қағасың?
Қайырмасы:
Әкесi: Бала, бала, бала, бала, бала!
Iсiң шала, шала, шала,шала!
Ойың дала, дала, қалада.
Баласы: Көке, көке, көке, көке, көке
Менi тектен-текке, текке сөкпе
Тердi бостан-босқа төкпе көкешiм!
Әкесi: Қалаға барып көр,
Бұзықтар сабасын.
Ауылда қалсаң ғой,
Қозы-лақ бағасың!
Баласы: Ауылда қалар ем,
Жоқ әке таласым.
Маңыратып бағатын,
Мал қайдан табасың?
Қайырмасы.
Әкесi: Мал басы азайды,
Өзiң де байқарсың.
Соятын мал таппай
Сандалып қайтарсың!
Баласы: Қалаға қаңғитын,
Ендеше ойым жоқ.
Ал бiр-ақ ауылда
Бағатын қойың жоқ…
М. Бесбаев Т. Сериков еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1