Теңіз болып толқыдың да шалқыдың,
Айдынымда шағалам боп қалқыдың.
Гүлім болып жайнап өскен жайлауда,
Самал болып аймаладың, алтыным, алтыным.
Бірге өткіздік талай күнді бал-шырын,
Сымбатыңа, сөздериңе балқыдым.
Бұлбұл болып көңілімде сайрадың,
Жұлдыз болып жарқырадың, алтыным, алтыным.
Тамашалап сұлу бақты, тау суын,
Ортаға сап бөлуші едік жан сырын.
Оралмасқа кетті ме әлде сол күндер,
Сағындым ғой, кайда жүрсің, алтыным, алтыным.
М. Беспаев & С. Рахмедова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2