Туған ел жырлап-өтер дастаның
Белдерің қымбат тауың асқарың
Жаныма шуақ төккен,
Бойыма қуат берген
Сенің жұмбақ,мөлдір бұлақ аспаның
Мейірбан анамдайсың аяулы
Таңдарың күліп құшақ жаяды
Әлемді шарласамда,таппаспын сендей саяны
Қайырмасы:
Туған елім-салтанатым менің
Туған жерім-махаббатың сенің
Сөндірмейді жүректегі жалынды
Әлдилеген ән бесігім менің
Атамекен-тал бесігім менің
Жарқыраттың арайлы нұр таңымды
Қырыңда гүл еркелеп тамсанған
Бағыңда бұлбұл тынбай ән салған
Жандарын парасатқа толтырып
Болашаққа сенен самғап
Қанат қақты қанша арман
Туған ел-қолда мендей қызыңды
Перзенттік ақтаймын дәм тұзыңды
Арайлы таңдарыма
Жол аштың арманыма сен
Қайырмасы:
Мөлдір Әуелбекова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1