Өзіңдей таба алмаспын асылды,
Жүрегім жылағанын жасырды.
Шарасыз ұмытамын қимастан,
Өткізіп айлар,жылдар,ғасырды.
Армандар сенде қалған аңсатты,
Ұмытам айтшы қалай сол сәтті.
Махаббат шыншылдықты қалаушы ед,
Көңілің өзге жанды аңсатты.
Қ/сы:
Үнсіз мені мені мені мені меніі аңсап жүрсің бе,
Менде сені сені сені сенісені сені сағынам күнде.
Кінәлі мен болармын білмедім,
Жылуды тек өзіңнен іздедім.
Алдандым сол бір жылы сәттерге,
Алдамшы көктем емес күз ба еді.
Сағындым жаным сені сағындым,
Тағдырдың жазғанына бағындым.
Бағыңды сенің тілеп әрдайым,
Тәңірге жылатпа деп жалындым.
Қ/сы:
Үнсіз мені мені мені мені мені аңсап жүрсің бе,
Менде сені сені сені сені сені сені сағынам күнде.
Мұхан Абдукасым еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2