Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мұқағали Мақатаев - Ей өмір зымырап барасың ба? | Текст песни

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің қабылдап аласың ба?
Қарасымен шамам жоқ таласуға
Ей өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға,
Құйын қуған қаңбақтай аласұра
Ей өмірім, зымырап барасың ба?!
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған аласым да,
Мені тастап толқындар ағасың ба,
Толқындатып өмірім барасың ба.
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба өмірім қиындаған.
Сыйын маған , Ей Өмір!
Ей Өмір! Сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.

Другие названия этого текста
  • Мұқағали Мақатаев - Ей өмірім, зымырап барасың ба? (0)
  • .ιllιlι.ιl BEKA .ιllιlι.ιl - Ей омiрiм зымырап барасын ба? (0)
  • Мұқағали Мақатаев - Ей омiрiм зымырап барасын ба? (0)
  • Мукагали Макатаев - Ей омирим зымырап барасын ба? (0)
  • Мукагали Макатаев - Ей омiрiм зымырап барасын ба? (0)
  • Мұқағали Мақатаев - Ей өмір зымырап барасың ба? (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-