-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім. -Бұлдырасам сағымдай не етер едің? -Жел боп қуып, ақыры жетер едім. -Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? -Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.