Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мұқағали Мақатаев - Көтер қане басыңды. | Текст песни

Сен жыладың жігітім
Көп көрдім деп тщрмыстың тапшылығын,
Қайтарды деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың, бір қатты соққы алдым деп,
Базытсыз боп қалдым деп.
Жә жә жарар, өткен күн оралар ма?
Қарау керек бауырым саған алға.
Басыңдағы бөрік пе орамал ма?
Көтер қане басыңды қалай мұның?
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған, тұлпарды сүрінбейді деп
Асауды мінілмейді деп, ақ көйлек кірлемейді деп.
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп?
Кім айтты саған, жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп.
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп.
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп?
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске.
Өзің ақ айтшы ғаламда мынау жеңілдің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді?
Өз сорың өзі жеңбесе?
Өмірдің барлық сәтсіздіктері,
Бақытсыздық емес ендеше...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 12
Видео
Нет видео
-