Жұлдызым жанса гүлімдей күлген Күлімдеймін мен! Жете алмай келем, жете алмай келем, Мұң үзілмей мүлдем. Жаным, лағыл арман, самалмен есіп із-де-сем, Сағымға мың алдар, білемін жүздесем...
Қайырмасы:
Ақ шамдар - жанып, жанып Аспан да - жарық, жарық Ғажайыпқа бөлейді түнгі шырай! Болып сәт - шіркін, шіркін Жолықсақ - бір күн, бір күн, Жұлдызым менің, менің жұлдызым-ай!
Шоқ жұлдыз көкте шоғырланып бір, жолым жанып тұр! Аспандап барам, қашсаң да табам, Білем жетем саған! Жанарың жылтылдап, тым қымбат жарық жайнаған, Табармын мүмкiн бақ, жадырап айналам!?