1. Асып барам жиырма бестен ары қарай асығып Таси алмай су арнамнан жастық күшім таусылып Қайта оралғым келеді-ақ, қайта оралғым Оңбағаннан айырыла Мұңайтарды жасырып Өз-өзіме күйік болдым, өз-өзіме сүйік толмын Көше кезіп күрсінгенде, ел зарымен іштей тындым Тындым, жұта кете әжім бетке тәлкек салды Тәкаппарлық тұла бойға туылғаннан жараспады Кім бар екен ? Жылдар өте жасыратын Кім бар екен Хақ алдында кінәларын жасыратын ? Әттең, теңбіз, теңіздегі терең жүзген Ақындар ғой Абайдай бір келгеннен мәңгі өлмес Жайма-шуақ басқалардай тыныш өтер күн таңдасам Қайтер еді ешкім мұң таңдауға тоқтау емес Оқталмаған,отталмаған, от алмаған отсыз қазақ Отыз қырды асып түсіп, шешім тапсам көнем азап
Біз, біз - ұнатпаймыз ақыл айтса Біз, біз - ереміз де жаман жұқса Ал сіз - Аса мейірімді қамқор! Тіл алмайтын құлдарың түсіне тұрып ұрындығой
2. Біреулер қолдасын деп Дұрысынан оймен сүзіп, амалына қолдансын тек Бұзық бала сәл басылып, тынықтанса айтарым көп Толқын болып тасып жатса онысына қосарым жоқ Жоқ болам ертең, ажалыма көніп қойдым Жоқ болсаң өртен, қылық түбін сауап қылғын Мына жалған жан жұтуда көрінбейтін қылтығымен Тұтылмайтын азғырудан топырақ оттың тұтқынымен Қомағай көз - қашан тойсын адамда, Жалт-жұлт етіп дүниенің бояуына ойнаған Аларсың сен алтын жатса су түбінде қайнаған, Адам неге Хақтың жолын қымбат қылып қоймаған ? Мойындайм, ақталумен шарасына Жасалынды бар мәнсіз оттан кейінгі ойланған Кімге жеңіл, кімді алдау ? Өзін-өзі кешірумен Уақыт өте ұмыт қылып, қателікті қайталаған...
Біз, біз - ұнатпаймыз ақыл айтса Біз, біз - ереміз де жаман жұқса Ал сіз - Аса мейірімді қамқор! Тіл алмайтын құлдарың түсіне тұрып ұрындығой