Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МАКАРОВ ТЕМИРЛАН - Сайгулик | Текст песни

КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,

ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...

Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау.
–Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
\"Қозым-ау\" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.

Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
\"Қозым-ау\" деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау,
Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын.
Жүретін кезім бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?!

МАКАРОВ ТЕМИРЛАН еще тексты


Другие названия этого текста
  • Нурым Куаныш/-Табылдын ани - Сайгулик (1)
  • Нурым Куаныш/-Табылдын ани - Сайгулік +77053928098 (0)
  • МАКАРОВ ТЕМИРЛАН - Сайгулик (0)
  • Нұрым Қуаныш - Сайгүлік (0)
  • КА7 - Табылдын әні (0)
  • Нұрсұлтан Тулешоа - Сəйгүлік (0)
  • Ikon - Сайгулик (0)
  • БАГДАУЛЕТ - Сайгүлік (0)
  • Нұрым Қуаныш - Сайгүлік [SNG Studio] (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2