Фаризажан, Фариза-қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге. Жылай жүріп, өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, Тастағысы келеді күресіңе. Фаризажан, сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,... Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім. Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Момын едім, жақсы едім ұяң едім, Аттап өттім олардың қия белін Енді міне қауқарсыз құр ашудан Жия бергім келеді жия бергім Маңдайымнан сипайтын жан болса егер Енді қалған өмірімді қияр едім