Серігім жүрсең де қайда қаншама шалғайда Жетесің менің жаныма мен сені сағынғанда Қаншама қарызбын саған махаббатың маған Әніңе ең сұлу салған жалғыз маған арналған Түсінем білемін бәрін сеземін ойлаймын жаным
Қайырмасы:
Асыл жарым саған сенемін Тек сені аңсайды жүрегім Бақытқа бөлен жанымды Мәңгі сенімен біргемін Асыл жарым саған сенемін Тек сені аңсайды жүрегім Сенен артық сүймейді мені ешкім білем
Сен маған шуақсың көктен мен үшін төгілген Сен маған көктемсің көркем самалсың баяу ескен Қаншама бақыттымын мен жанымда жүрсің сен Ризамын махаббатыңа жүрегіңмен бөлеген Түсінем білемін бәрін сеземін ойлаймын жаным
Қайырмасы: 2x
Асыл жарым саған сенемін Тек сені аңсайды жүрегім Бақытқа бөлен жанымды Мәңгі сенімен біргемін Асыл жарым саған сенемін Тек сені аңсайды жүрегім Сенен артық сүймейді мені ешкім білем