Мақсат Әндешбаев – Қай жақта жүрсің аяулым
Сөзі: Нұғман Асқаров
Әні: Қалдыбек Құрманалиев
1. Қарайды көзің мөлдіреп,
Қиғаш қас ару ай жүздім.
Қызыл орамал желбіреп,
Кімге сен құшақ жайғыздың.
Қ-сы: Өзіңсіз өтті баяу күн,
Қаздар да қайтты қаңқылдап.
Қай жақта жүрсің аяулым,
Жанарың оттай жарқылдап.
2. Сағынып сені тұр қырат,
Сөзіңді неге бермедің.
Жусанның иісі бұрқырап,
Шақырған жерге келмедің.
Қ-сы:
3. Бір еді ау онда тілекте,
Есімде қара көздерің.
Қалқам-ай қалған жүректе,
Жақтың ба отын өзгенің.
Қ-сы:
орындайтын-Максат Андешбаев
Максат Андешбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2