»»»>Сағындым ана«««« Сөзін жазған: Манап Ерғали Әнін жазған: Манап Ерғали Өңдеуші: Халық Ризабек
Көздеріңе қарап-ақ нәр алмақпын, Бойға қуат-күш беретін сен-ардақтым! Атқан таңды мәңгі өзіңмен қарсы алам деп Сәби күннен өз-өзімді мен алдаппын.
Қайырмасы: Сағындым Ана! Көңілің-ақ, дана тірегім. Сағындым Ана Сағынды сені жүрегім. Сағындым Ана! Әлдиіңмен ұлы жан едің. Аналар мәңгі Болсын аман - менің тілерім.
Ана - жаным, сүйенішім, мақтанышым, Мен өзіңнің сайраған бақта құсың. Биігіне арманның қанат қағып Талпынамын үмітіңді ақтау үшін!