Келінге өсиет
Келін түсті салты ғой бұрынғының
Бiздiң үйге бiрi ендi-ай бұрымдының
Ақ ниетпен аттаған босағасы
Ағарып тұр әнекей шымылдығы.
Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда
Қызыл шырайлы жүзіңді жасырғанда
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.
Жайнап жүрсен қып-қызыл кілемдейсiң
Масатыдай құлпырып күлімдейсiң
Қарияға салем бер көңлі қалар,
Қариялар кашанғы жүрер дейсiң.
Алдыменен өзіңді енең сынар
Емендей боп ол сынға емен шыдар
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар
Ерке өскен еліңнің елігі едің
Келін бол деп жіберді-ау сені елің
Енең байғұс толқып жүр қайтсын енді,
Сен оның ең алғашқы келіні едің.
Атасын да осы елдің анасын да
Сыйлай білгін ажыратып жатасын ба
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық
Ықыласы үлкеннің батасында.
Манарбек еще тексты
Другие названия этого текста
- Манарбек - келін түсті жолы ғой бұрыңғының (0)
- Джека ღ Назека - Жас келін (0)
- Гаухар Алимбекова - Келiнге осиет (0)
- Гаухар Алимбекова - Жас келін (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 12