Сен үшін зәулім шынармын, Тамырын жайған мұнармын, Аңсатып, талай шаршатып, Сағынтып жүрген шығармын?! Жан Ана Жан Ана Жан Ана Арамыз кетті алыстап, Шақыра алмайсың дауыстап, Дүниенің барлық шаттығын, - Жүрсің-ау маған бағыштап! Жан Ана Жан Ана Жан Ана Мен үшін жаның көбелек, Сағыныш болып себелеп, Мұңайып кейде жүрсің бе,- Хабарласпайды неге деп... Жан Ана Жан Ана Жан Ана Тілеуің сенің таңғы үміт, Жүремін үзбей ән қылып, Тірлікте өзің тіреген Жүрегім бірге мәңгілік!!! Жан Ана Жан Ана Жан Ана, Ана...