ӨЛЕҢ
Бөтенге бөлек, тұйық қарау,
Ілінері жоқ «сұйық» тарау.
Сіз үшін, сірә, бір тынбау,
Ал менде ол жәй ұйықтамау.
Өлең деген...
Жаттағы, толқып, жәйді ұғу,
Құдайдан қорқып, қаймығу.
Сіз үшін, сірә, бақыт-құт,
Ал менде ол жәй қайғыру.
Өлең деген...
Болмаса да түк сұраныс,
Сутегін күнде қылар іс.
Сіз үшін, сірә. абырой,
Ал менде ол жәй жұбаныш.
Өлең деген...
Ақын боп не мін тусам бір,
Өлеңге талай сусап жүр.
Сіз үшін, сірә, ертегі,
Ал менде ол жәй қу тағдыр.
Өлең деген...
Түн бе әлде күн бе, кеше ме?
Мән бермен жұрт не десе де.
Сіз үшін, сірә, мақтаныш,
Ал менде ол жәй пешене.
Өлең деген...
Өлең жазып келемін еленбеген,
Келгенде мен өлеңге өлермен ем.
Кешірші, о поэзия, жиырма бір
ғасыр бұрын, мен едім келем деген!
МақпалТөребек
Мақпал Төребек еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1