МАРАТ АЙТЫМБАЙ - ҰНАТАМЫН
Ұнатамын мен сені сезесің бе?
Таң қаламын сымбатты келбетіңе
Шын сүйемін жасырамын барінен
Ғашық жүрек езгіге төзесің бе?
Өзіңді ойлап ақ таңды атырамын
Сезімімді ой түбіне батырамын
Жаным менің жарқыраған бейнеңнен
Жүрегімді көңілімді баурадың
Жаным менің, еркелеген нәзігім
Жарасады, жымиғаның әзілің
Теңеуді мен таба алман сірә да
Осы менің ойымдағы жазығым
Жалған өмір сүйгендерді қинайды
Сұлу сезім махаббатын сыйлайды
Бір көруге, тілдесуге зар болып
Құштар жүрек дүниеге сыймайды
Жаным менің, еркелеген нәзігім
Жарасады, жымиғаның әзілің
Теңеуді мен таба алман сірә да
Осы менің ойымдағы жазығым
Сүйем сені сезесің бе мәңгілік
Жүре берші дүниені сән қылып
Жүрегімді, сезімімді арнайын
Көңіліңді жадыратар ән қылып
Сүйем сені естисің бе ардағым?
Мені сүйсең болмас еді арманым
Марат Айтымбай еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4