Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мархаба Сәби - Құстармен қоштасу | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Әні: Мақсым Менкешов,
Сөзі: Жақсылық Айжанов
Орындайтын: Мархаба Сәбиева

Құстармен қоштасу

1. көгілдір жаққа қанатын қаққан тырналар,
Жазира жаздан жеткізер қашан бір хабар,
Маңдайы жіпсіп мамырлап жатқан таулардан
Бауырын жазып бұлқынар қашан жылғалар.

Аа-аа-аа
Жолдарың болсын жанары моншақ жыл кұсым,
Жүректен шыққан жырымның адал құрбысы,
Жусанды жазды тезірек алып жетіңдер,
Жат елдің егер жайсыздау болса тынысы.

2 Көгілдір жақтан еседі сыршыл бір екпін,
Пернесін басып күмбірлеп тұрған жүректің,
Алатауыма алқынып жетер ақ қанат,
Алақаныма келеді сені түнеткім.

Аа-аа-аа

Ұшыңдар самғап шуақты шым-шым шақ өткен,
Сендердей болар атамекенін ән еткен,
Айшылық жерге аттандырып- ақ салар ем,
Қанатым талмай, қанатым менің жоқ әттең


Другие названия этого текста
  • Мархаба Сәби - Құстармен қоштасу (1)
  • MARHABA - KUSTARMEN KOSHTASU (1)
  • Тогжан Мырзалы - Құстармен қоштасу (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-