әні мен сөзі Илья Жақановтікі
Самалы жұпар жазғы бір кеште,
Ойласам болды Ыстықкөл жақты.
Айтылған сырлар түседі еске,
Оятқан сонда ақ махаббатым.
Қайырмасы:
Тулайды жүрек,
Толқындай шалқып.
Аңсайды жүрек,
Өзіңе тартып.
Сағынтқан әнім,
Әселім жаным.
Тағдырмен қатал ойнатқан сонда,
Қайдасың менің армансыз күнім.
Бақ құсы едің қонбадың қолға,
Қапыда қалдым зар толып үнім.
Қайырмасы:
Алыссың, жатсың, білемін, сәулем,
Тағдырға нала не керек айтып.
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен,
Әселім, сірә, келер ме қайтып.
Мақсат Базарбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1