Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мақсат Майлыбай - КЕШ ТҮСІНДІҢ | Текст песни

Кеш түсіндің

Өтіп кеткен күндерге қалайша өкпелейсің,
Барлығы біткен соң қалай «қасымнан кетпе» дейсің?
Менде жүрек бар сені енді күтпе дейтін,
Сенің жүрегіңді қайта барып түртпе дейтін.
Алдыға жетелейтін мені қолдап алыс,
Жолдар жабылды саған қарай, жаным, жолда ағыс.
Пайдасы жалғас үзді, қашанғы қолданамыз,
Қашанғы «Тағдыр кінәлі!» деп оған бұлданамыз?!
Мен саған жақын адам ретінде көзіңе қарайм,
Көзіңе тіке қарасам, көздерің төмен қарайды.
Ойыңды оқи алмайм, көздерің мені алдайды,
Білмейм, әйтеуір жалған сөзің сенің жерде қалмайды.
Сенің өзің құлап қалдың, ия, тағдыр аяқтан шалмайды,
Бақытты болам десең, қалықта қанатың талмай.
Бірге болғым келсе де, енді қажеті қандай,
Сен армандаған өмірдің, а, сюжеті қандай, менде бар ма?

Қ-сы: (х2)
Жүрегім бос, сені ойламайм,
Жүрегімді аямай неліктен алдайм?
Махаббатты сезе алмайм, сағынбайм,
Сенсің оған кінәлі, сені ұмыта алмайм.

Сағыныштан жанарыңнан жас таматын,
Осы қыстан жабырқаулы қас-қабағың.
Мүмкін, бәрі себебі, себеі білесің,
Ойыңдағы кейін ауысқан ақыл-есің.
Сен білесің сүйгенімді, түсіндің оны тым кеш,
Өткен сезім оралмайды, махаббат қайта келмес.
Сені енді сүйе алмаспын, ұғып ал осыны,
Мен күтем деп ойлама, ұнатпайм тосуды.
Отырушы ем ғаламторда, ВКонтакте онлайн,
Сені күтіп уақыт құртып сөйлесуге дайын.
Қазір бәрі өзгеше, сені сүйген күн – кеше,
Ал бүгін азап бітті, қыздарым бар бірнеше.
Күні кеше күмәнсіз сүйіп едім өзіңді,
Күтіп едім жауабыңды іркіп тастап төзімді.
Өкінбеймін болған іске, болған естелікке,
Құрысын, шаршадым, қош бол мәңгілікке.

Қ-сы: (х2)
Жүрегім бос, сені ойламайм,
Жүрегімді аямай неліктен алдайм?
Махаббатты сезе алмайм, сағынбайм,
Сенсің оған кінәлі, сені ұмыта алмайм.

Сені ойламайм...
Неліктен алдайм?..
Сені сағынбайм...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-