Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МАСИК+ЕРКЕ - Ақ келін | Текст песни

АҚ КЕЛIН
Әнi: Гауһар Әлiмбекова.
Өлеңi: Назира Бердалы.

Бiр-ақ күнде қуантып қос ананы,
Сыңсу айтып, қыз-көңiл босағаны.
Әлпештеген әкеңнiң аппақ қызы ең,
Ақ келiн боп аттадың 2 рет
босағаны.
Қайырмасы:
Аппақ гүлдей ағашқа жаңа бiткен,
Үлбiрейсiң, үмiттен жаралып па ең?
Басқа тойлар бастауы — бүгiнгi той,
Бүгiнгi той — қоштасу 2 рет
балалықпен.

Сәлем салып, басыңды ие бердiң,
Қолтығыңнан сол сәтте сүйеген кiм?
Мiне, сондай жеңгелер жолын қуып,
«Ана» деген жақсы атты 2 рет
иемденгiн.

Шауып кетiп барады құлын-күнiң,
Сен бойжеттiң — осыны ұғын, гүлiм.
Ақ дастархан үстiнде ақ бата алып,
Жаңа өмiрдiң ашасың 2 рет
шымылдығын.

Ата-енеңдi құрметте, отағасын,
Берiк қылып осы үйдiң босағасын.
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы — 2 рет
От-Анасың.


Другие названия этого текста
  • Гауһар Әлімбекова - Ақ келін (қыз ұзату) (1)
  • МАСИК+ЕРКЕ - Ақ келін (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-