Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап.
Қайырмасы:
Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік!
Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға.
Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар.
Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.