Мінгені Исатайдың ақтабан-ай, Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай. Зеңбірек үш атқанда дарымады, Құдайдың міне қара сақтағаны-ай! Мінгені Исатайдың көгілдірді-ай, Әскерін Барша құмға төгілдірді-ай.
Мыңды алған бірді беріп ақтабанды Жыландай белге соққан бүгілдірді-ай. Баласы Исатайдың Жақия-ды, Жақия жауды көрсе ақияды. Түлейде түнде жортқан жолбарыстай Алдырдым жолдасымды қапияда-ай!