Өмір-өзен, қалай, қайтіп аққанын, Асау ағыс толқындарын таппадым. Қайта оралған наурыз-көктем құсымен, Қайта оралшы, менің сәби шақтарым.
Қайырмасы:
Ай-ай, құстарым, Қандай бақыт сенің биік ұшқаның! Қайта оралшы, құстарым-ай, қанатым, Күнімді іздеп көкжиекке қараппын, Қайта оралмас өмір беріп жараттың.
Балалық шақ өтті қалай, сезбедім, Ауылда жүр жәудіреген көздерім. Қайта оралған наурыз-көктем құсымен, Қайта оралшы, менің бала кездерім.
Қайырмасы:
Жадыраған әдемі еді-ау аспаным, Өте шықты өткен өмір қас-қағым. Қайта оралған наурыз-көктем құсымен, Қайта оралшы, менің бала пәк шағым.